Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дипломдарының валидтілігін тексеру
Құрметті жүйені пайдаланушылар, бұл функционал жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары берген дипломдардың жарамдылығын тексеруге арналған.
Бұл жүйе дипломдардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді.
Дипломдардың жарамдылығын тексеру ЖСН, дипломның сериясы мен нөмірі негізінде жүргізіледі. Бұл бөлім жеке басты куәландыратын құжат пен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы берген диплом негізінде толтырылады.
Тексеру алгоритмі:
- 1. «ЖСН» бөліміне ЖСН енгізіңіз
«ЖСН» бөлімі Қазақстан Республикасының резиденттеріне немесе уақытша ЖСН алған резидент еместерге берілген дипломдарды тексеру кезінде ғана толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда, бұл бөлім толтырылмайды.
- 2. «Диплом сериясы» бөліміне дипломның сериясын енгізіңіз.
Дипломдар сериясы міндетті болып табылады және әріптік код түрінде ұсынылады (BD, BQ, MD, ZhB-B, ZhB, ZHOOK-M және т.б.).
- 3. «Диплом нөмірі» бөліміне дипломның нөмірін енгізіңіз.
Диплом нөмірі міндетті болып табылады және 7-11 цифрдан тұратын цифрлық код түрінде ұсынылады.
Қазіргі уақытта жүйеде 2020-2021 оқу жылында берілген дипломдар туралы ақпарат бар. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары өткен жылдардағы дипломдарды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты, қазіргі уақытта жүйеде өткен жылдардағы дипломдар туралы ақпарат болмауы мүмкін. 2020-2021 оқу жылынан бұрын берілген диплом туралы ақпарат болмаған жағдайда қосымша растау үшін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына хабарласыуңыз қажет.